Желіде қазақтарды "қорлаған" Алика Мұхамадиева бостандықта жүр деген ақпарат тарады. Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АҚПАРАТ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ
Мұхамадиева бостандықта жүр деген ақпаратты Threads қолданушысы жариялады. Жазбада Алика Алматыда жүргені жазылған.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Қарағанды облысының полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
- Күдікті қазір қамауда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын ресми түрде мәлімдейміз. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жалған мәлімет таратқан тұлғаларды анықтап, оларды жауапкершілікке тарту шараларын қабылдауда, делінген полиция жауабында.
Полиция әдейі жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертіп, азаматтарды және БАҚ өкілдерін тек ресми дереккөздерге сүйеніп, арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ
Еске салайық, Алика Мұхамадиева Threads желісіндегі бір жазбаның астындағы пікірлерде қыз қазақтар мен мұсылмандарды қорлаған болатын. Артынша ол ұлтаралық араздық қоздырды деген күдікпен екі айға қамауға алынды.