×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Атамекен» ҰКП наурызда реформалау бойынша ауқымды съез өткізбек

25.01.2022, 20:37
«Атамекен» ҰКП наурызда реформалау бойынша ауқымды съез өткізбек
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы Facebook арқылы тікелей эфирге шыққан «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті. Палата мүшелері шамамен съезді 17 наурызда өткізгелі отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Біз басқарма активімізбен, 17 өңірдің өңірлік активтер өкілдерімен және құрметті салалық қауымдастықтармен кездесу өткіздік. Талқылау барысында біз апта соңына дейін өңірлік кеңестердің тиісті отырыстары өтеді деп келістік. Съез – Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жоғарғы органы. Егер делегаттар жиналса, онда тек реформалау мәселелерін талқылау керек», - деген Абылай Мырзахметов аталмыш жиында кәсіпкерлердің көкейінде жүрген өзекті мәселелер талқыланатынын мәлім етті.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезі екі бөлімнен тұрады. Апта соңына дейін өңірлік кеңестер өз отырыстарын өткізіп, ҰКП-ны реформалау бойынша қандай мәселелер қажет деп есептейтінін ортаға салады. Ал өңірлердегі бизнесті толғандыратын мәселелерді қозғап, салалық комитеттердің отырыстарын өткізеді. Сол арқылы ҰКП реформасы мен салалардың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар береді. Әрбір комитет пен өңірлік кеңестен жұмыс тобына екі адам делегация болады. Осы іс-шаралардың бәрі ашық форматта болады.

«Біз, менің орынбасарым Олжас Ордабаев, аккредиттелмеген қауымдастықтармен, ниет білдірген кәсіпкерлермен, сарапшылармен қатар жұмысты бастадық. Өткен аптада әріптестеріміз бен қауымдастықтарымыздан 50-ден астам ұсыныс келіп түсті. Мен бәріне ризамын. Олар да осы жиынтық кестеге енгізілген», - деді Абылай Мырзахметов.

Жұмыс тобы 31 қаңтардан бастап жұмысын бастайды, онда әрбір кәсіпкер сөз сөйлей алады. Сонымен қатар Абылай Мырзахметов өзі де кәсіпкерлермен бетпе-бет тілдесу үшін өңірлерді аралайтынын жеткізді.