×
537.75
626.43
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.75
626.43
6.71

Депутат қымбат көлігімен жолда бірден алты ережені бұзған

Бүгін, 14:15
Депутат қымбат көлігімен жолда бірден алты ережені бұзған
Коллаж: ulysmedia.kz

Шымкентте қымбат көлік иесі жолда бірден алты ережені бұзған. Полиция көлік иесін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ВИДЕО

Бүгін әлеуметтік желіде жол ережесін өрескел бұзған жүргізушінің видеосы тарады. Видеода жол талғамайтын көлік иесі жолдан тоқтап, оның ішінен адам түскен. Екіншіден, өзі де, жолаушы да қауіпсіздік белдігін тақпаған. Сонымен қатар, көлік қарсы жолаққа шығып алған. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Тексеру нәтижесімен ол ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған: жалған тіркеу нөмірлері бар көлік құралын басқару, қарсы жолақпен қозғалыс, міндетті сақтандырудың болмауы, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, тыйым салынған орындарда кері жүру, сондай-ақ қозғалыс алдындағы сигнал беру талабын орындамау.

Құқық бұзушының көлігі айыппұл тұрағына қамалды. Жүргізушімен мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілген. 

ДЕПУТАТ

Журналист Михаил Козачковтың сөзінше, видеодағы көліктің иесі – Түркістан облысы Байдібек ауданы мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаев. Ол – «Қарабатыр» ЖШС директоры.

Оның «Аманат» партиясына тікелей қатысы бар. Instagram-дағы Amanat Baidibek Audany филиалының парақшасында Аманбаевтың құрылыс нысанын тексеріп жүрген суреттері жарияланған.

Серіктес жаңалықтары