Қаржылық мониторинг агенттігі өз атыңызға өзге біреудің компаниясын ақшаға тіркеудің қаупі туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ведомство мәліметінше, қылмыстық топтар заңсыз жолмен алынған табысты жылыстату үшін жиі заңды тұлғаларды пайдаланады.
Ол үшін олар:
Соңғы кездері азаматтарға ақшалай сыйақы үшін өз атына заңды тұлғаны тіркеуді, оның құрылтайшысы және жетекшісі болуды ұсынатын жағдайлар жиілеп кеткен.
Бір қарағанда мұндай ұсыныстар зиянсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде олар заңсыз схемаларға байланысты.
Кейіннен бұл заңды тұлғалар ақша қаражаттарын қолма-қол ақшаға айналдыру, салық төлеуден жалтару, жалған қызметті жасыру мақсатында пайдаланылады.
КОМПАНИЯ “ИЕСІ” ДЕ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
Егер сіз осындай тіркеумен келіссеңіз, жалған адам боласыз - қылмыстық мақсаттарда қолданылатын компанияның ресми құрылтайшысы боласыз. Тіпті жеке өзіңіз ешқандай операция жасамағанның өзінде, сіз қылмыстық қудалау орбитасына түсесіз.
ЕСКЕРТУ
Есіңізде болсын: