×
537.34
623.05
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.34
623.05
6.65

Синоптиктер Қазақстанның батысындағы тұрғындарға ескерту жасады

Бүгін, 09:44
Синоптиктер Қазақстанның батысындағы тұрғындарға ескерту жасады
Ulysmedia

Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

“Қазгидромет” РМК мәліметінше, 2025 жылғы 23 тамызда Ақтөбеде, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.
Серіктес жаңалықтары