×
537.34
623.05
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.34
623.05
6.65

Иордания Королі II Абдалла Қазақстанға ресми сапармен келеді

Бүгін, 10:35
Иордания Королі II Абдалла Қазақстанға ресми сапармен келеді
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 тамыз күндері Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ КЕЛІССӨЗДЕР

Сапар барысында Астанада Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Тараптар екіжақты серіктестікті жаңа деңгейге көтеру жолдарын талқылайды.

КОНТЕКСТ

Иордания – Таяу Шығыстағы маңызды әріптестердің бірі. Қазақстан мен Иордания дипломатиялық қарым-қатынасты 1993 жылы орнатқан. Кейінгі жылдары екі ел арасындағы сауда көлемін арттыру және мәдени байланыстарды дамыту бағытында белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді.

Серіктес жаңалықтары