×
537.34
623.05
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.34
623.05
6.65

Бестеректегі жол апаты: зардап шеккен бала Семейге жеткізілді

Бүгін, 12:15
Бестеректегі жол апаты: зардап шеккен бала Семейге жеткізілді
Известия / Дмитрий Коротаев

Абай облысы Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында жол апатынан жарақат алған бала Семейдегі Медициналық университет госпиталіне қарасты балалар бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, бала санитарлық авиациямен Семейге жеткізілген. Алғашында ауыр жарақаттары мен өміріне төнген қатерге байланысты оны облыс орталығына тасымалдау мүмкін болмаған. Жағдайы тұрақтанған соң дәрігерлер әуе тасымалының қауіпсіз екеніне көз жеткізіп, көшіру туралы шешім қабылдаған.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Алғашқы күннен бастап Семей медицина университеті госпиталінің дәрігерлері – госпиталь директорының педиатрия жөніндегі орынбасары, облыстың штаттан тыс бас анестезиологы Дулат Кәрімов және балалар травматологиясы бөлімінің меңгерушісі, өңірдің штаттан тыс бас нейрохирургі Жасұлан Әсетов – Үржар аудандық ауруханасында медициналық көмек көрсетіп, баланы облыс орталығына жеткізді,  – деп хабарлады басқарма.

ЖОЛ АПАТЫ ТУРАЛЫ

Еске салайық, 19 тамызда Үржар ауданының Бестерек ауылында жантүршігерлік жол апаты болды. Полиция дерегінше, Toyota автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үй қақпасынан небәрі 10 метр жерде тұрған балаларды соққан.

Салдарынан екі бала оқиға орнында қаза тауып, үшіншісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. 6-9 жастағы тағы үш бала ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Екеуі санитарлық авиациямен Астанаға жөнелтілді.

Күдікті – осы ауылдың 55 жастағы тұрғыны. Оның ұлының айтуынша, әкесінің жүрегі ұстап, рөлге ие бола алмаған.

Серіктес жаңалықтары