Әдеттегідей «кейбір дереккөздерге сүйенген» Еділов Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болған Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ операторы» басқарма төрағасы ұсталғанын жария етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы.
«Кейбір деректерге сәйкес, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловты және «РОП Оператор» ЖШС басқармасының төрағасын ұстады. Медет Құмарғалиев елден шығып кетпек болған», - деп жазады Еділов телеграм арнасында.
Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланып отыр.
Арада көп уақыт өтпей Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екеуінің ұсталғанын растады.