×
537.34
623.05
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.34
623.05
6.65

Қаржы вице-министрі салық кеңесшілерін "шайтанның қорғаушысы" деп атады

Бүгін, 16:30
Қаржы вице-министрі салық кеңесшілерін "шайтанның қорғаушысы" деп атады
gov.kz

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов алықтан жалтаруға көмектесетін салық кеңесшілерін "шайтанның қорғаушылары" деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Atameken Business-ке сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Бұл пікірін шенеунік “Салық заңнамасын реформалау” форумында айтты. Ержан Біржанов кәсіпкерлер мен сарапшылар міндеттемелерден жалтармай, керісінше конструктив диалог жүргізуі керек екенін атап өтті.

Оның айтуынша, жалған шот-фактуралар бюджетке миллиардтаған шығын келтіреді. Осыған байланысты жаңа жылдан бастап e-Tamga жүйесі іске қосылады, ал тексерулер нысаналы түрде жүргізіледі.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Қазір көп блогер, салық кеңесшісі қызметтерін ұсынып жатыр: жаңадан енгізілген талаптардан, жоспарлы тексерістерден қалай құтылуға болатынын үйретеді, курстар ашады. Тағы да қайталаймын: бұл уақытша шаралар ғана, бірақ біз бұзушылықтарды тексергенде, мұндай кеңестердің қажеті жоқ екені анықталады. Салық төлеу – әр азаматтың міндеті. Ал заң бұзушылықты елемей, бизнесті қорғауға тырысатындарды мен “шайтанның қорғаушысы” деп есептеймін, – деді Ержан Біржанов.

КОНТЕКСТ

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда e-Tamga атты жаңа жүйе енгізіледі. Ол электрон шот-фактураларды автоматты бақылауға мүмкіндік береді. Енді электрон шот-фактураларды ҚҚС-пен рәсімдеу үшін алдын ала салықты арнайы шотқа төлеу қажет. Ақша түспейінше, электрон шот-фактураларды жазу мүмкін болмайды. Бұл жаңалық жаңадан тіркелген ҚҚС төлеушілеріне және қатысушылар құрамы өзгерген кәсіпорындарға қатысты болады.

Серіктес жаңалықтары