VietJet Air әуе компаниясының жолаушылар рейсі Астанадан Вьетнамның Нячанг қаласына ұшып шыққан болатын. Алайда 24 тамыз кешкісін елорда әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қонуға дейін ұшақ шамамен бір сағаттай Қарағанды маңында айналып тұрған. Астана әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, кері қайту туралы шешімді әуе кемесінің командирі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қабылдаған.
- Ұшақты ұшып шыққан әуежайға қайта қондыру шешімін командир авиациялық талаптарға сай әрі жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылдады, – делінген ресми хабарламада.
Қону қалыпты жағдайда өтті, әуежай барлық қажетті қызметтерді іске қосты. Бортта 348 жолаушы болған. Осы уақытта Вьетнам билігі «Кадзики» тайфунының жақындауына байланысты орталықтағы Тханьхоа, Куангтри, Хюэ және Дананг аймақтарынан жарты миллионнан астам адамды көшіру басталғанын хабарлады.