Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, 2024 жылдың сәуірінде кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
- Біз әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тікелей реттеуден бас тартып, атаулы әлеуметтік қолдау жүйесіне көшіп жатырмыз. Бұрынғы шекті және шектік баға тетігінің орнына 15% сауда үстемесіне қатаң бақылау енгізіледі, – деді министр.
ВАУЧЕР
Қазақстанда қазірдің өзінде «Цифрлық азық-түлік ваучері» пилоттық жобасы жүзеге асуда. Бұл жоба көмек алушыларға әлеуметтік маңызы бар тауарларды сауда үстемесінсіз, яғни сатып алу бағасымен алуға мүмкіндік береді. Осылайша қолдау нақты әрі әділ бөлінеді.