×
537.34
623.05
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.34
623.05
6.65

АЭС-ке қарсы бес белсендінің сотында судья журналистердің залдан шығуын талап етті

АЭС-ке қарсы бес белсендінің сотында судья журналистердің залдан шығуын талап етті
Ulysmedia.kz

Былтыр АЭС құрылысына қарсы шыққан белсенділер бүгінгі сот отырысында соңғы сөзін айтуы тиіс, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЭС-ке қарсы бес белсендінің сотында судья Ернар Қасымбек журналистердің залдан шығуын талап етті. Бірақ нақты себебін түсіндірмеді. БАҚ өкілдері шығудан бас тартқан соң бір сағатқа үзіліс жариялады. Бүгін іс бойынша күдіктілер соңғы сөздерін айтуы тиіс. 

Судья үзіліс жариялағаннан кейін, көп ұзамай айдауыл сотталушыларды да сот залынан алып кетті. 

ПРОКУРОР ҚАНША ЖЫЛ СҰРАДЫ

Бұған дейін прокурор АЭС құрылысына қарсы шыққан белсенділер Жанат Қазақбай, Нұрлан Жаулыбай, Фазылжан Сыздықов, Нұрлан Темірғалиев және Айдар Мүбараковты қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 272-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысын  бес жылға соттауды сұрады. 

КОНТЕКСТ

2024 жылы АЭС құрылысына қатысты референдум қарсаңында Алматыда 12 белсенді ұсталған. Кейіннен олардың жетеуін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатқан. Бес белсендіге «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» бабы бойынша айып тағылған.

Белсенділер бұған дейінгі сот отырысында өздеріне тағылған айыппен келіспеген. Олар істің саяси астары барын айтып, ұсталуларын АЭС құрылысына қарсы айтқан пікірлерімен байланыстырған.

Серіктес жаңалықтары