×
537.34
623.05
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.34
623.05
6.65

Қытай Украинаға әскерін жіберетіні рас па

Бүгін, 17:01
Қытай Украинаға әскерін жіберетіні рас па
Getty Images

Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрлігі Украинаға бітімгерлер жіберуге дайын екені туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҚХР СІМ өкілі Го Цзякунь немістің Welt басылымында жарияланған, Қытайдың Украинадағы халықаралық бітімгерлік миссияға қатысуы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты, деп жазады Global Times. Оның сөзінше, Қытай Украинадағы дағдарысқа қатысты әрдайым айқын әрі дәйекті ұстанымын сақтап келеді.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Welt Еуроодақтағы дереккөздерге сілтеме жасап, Бейжің БҰҰ мандаты аясында миссия жүзеге асырылатын болса, оған қатысуды қарастыруға дайын деген хабар таратқан еді.

Серіктес жаңалықтары