×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанда 1 млн 650 мың адамның айлығы 60 мың теңгеден төмен

23.09.2021, 17:00
Фото: Ашық дереккөзден

Вице-премьер Әлихан Смайылов ең төменгі жалақының 60 мың теңгеге өсуі қанша адамның өміріне ықпал ететінін айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Ең төменгі жалақының өсуі – тұтынушылар кіретін себетке кіретін азық-түлік пен тауарларға деген сұраныстың артатынын білдіреді. Біздің есептеуіміз бойынша, ең төменгі жалақының қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін өсуі – инфляцияға 0,7 пайыздық пункт деңгейінде қосымша үлес қосады. Бұл – өндірістің сұранысқа тәуелділігіне байланысты қысқа мерзімді сипатқа ие болады», - дейді ол.

Вице-премьердің айтуынша, ең төменгі жалақының өсуі макроэкономикалық жағдайға әсер етеді. Атап айтқанда, 1 млн 650 мың адамның кірісі артады. Қазір осынша адамның жалақысы 60 мың теңгеден төмен.

«Одан бөлек 2 миллионға жуық адамның табысына каскадты әсері болады. Айлығы 60 мың теңгеден сәл жоғары азаматтардың да табысы артады. Осылайша, ең төменгі жалақының өсуі 3 миллионға жуық адамның табысының артуына мұрындық болады. Сарапшылардың есептеуінше, бұл фактор еліміздің экономикасына әсер етіп, жалпы ішкі өнім 1,5 пайыздық пунтке өседі. Бұл – тауар және қызметтердің өсімін, салық түсімін арттырады», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары