×
535.99
626.36
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.99
626.36
6.64

Қазақстанда тұрғын үй қымбаттайды

Бүгін, 14:36
Қазақстанда тұрғын үй қымбаттайды
Ulysmedia.kz коллажы

Жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Нұрмахан Алданов Қазақстанда қайталама тұрғын үй қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

31 тамыздан бастап елде үлестік қатысуға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Соған байланысты Қазақстанда салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға деген қызығушылық төмендеуі мүмкін. Жаңа заң бастапқы тұрғын үй нарығындағы мәмілелерге қатаң талаптар енгізіп, банктер арқылы бақылау орнатады және «көлеңкелі» схемаларға тыйым салады. Сарапшылардың пікірінше, мұның барлығы қысқа мерзімде жаңа үйлерге деген сұранысты азайтып, екінші нарықтағы пәтерлердің позициясын күшейтеді.

- Бастапқы тұрғын үйге жасалатын мәмілелердің саны азаяды деп ойлаймын. Халық салынып жатқан үйлерді сирек сатып алып, екінші нарықты көбірек таңдайтын болады. Бастапқы нарықтағы сұраныс төмендейді. Өйткені үлестік қатысу жүйесі толыққанды іске қосылғанша уақыт қажет болады – жүйе жұмыс істеп, скоринг енгізілгенше бірнеше ай өтуі мүмкін. Сол себепті алғашқы нарық бәсеңсіп, сұраныс дайын тұрғын үйлерге ауысады, – деді жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Нұрмахан Алданов Digital Business басылымына.

Ал құрылыс компаниялары сатып алушыларын жоғалтпау үшін бағаны төмендетіп, жеңілдіктер ұсынып, бөліп төлеу жүйелерін енгізе бастайды.

- Қазірдің өзінде көптеген компания “комбо-пакеттер” ұсынуда: мысалы, 1 қыркүйекке дейін үш бөлмелі пәтер сатып алсаң қойма сыйға беріледі, ал автотұраққа 50% жеңілдік жасалады. Бұл заң күшіне енгенге дейін қаражат жинау үшін жасалып жатқан қадамдар (қағаз жүзінде емес, нақты іс жүзінде), – деп түйіндеді Нұрмахан Алданов.

Серіктес жаңалықтары