Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тіл мен Конституция негіздерін білу талаптары өзгерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Енді мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде білмеген, сондай-ақ ҚР Конституциясының негіздері мен Қазақстан тарихынан қажетті білім көрсеткішін меңгермеген адамға азаматтық берілмеуі немесе қалпына келтіруден бас тартылуы мүмкін. Бұл туралы online.zakon.kz порталында хабарланды.
Осыған орай, 2025 жылғы 20 тамызда ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндерге арналған жаңа білім көлемін бекітті.
ӨЗГЕРІСТЕР
Азаматтыққа үміткер мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
Мемлекеттік тілді – бастапқы деңгейде кемінде 15 балл (бұрын 36 балл болған);
ҚР Конституциясының негіздерін – кемінде 20 балл (бұрын 9 балл);
Қазақстан тарихын – кемінде 15 балл (өзгеріссіз қалды).