×
535.99
626.36
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.99
626.36
6.64

Олигархтардан тәркіленген қымбат заттар, сағаттар мен әшекейлер сатылды

Бүгін, 15:40
Олигархтардан тәркіленген қымбат заттар, сағаттар мен әшекейлер сатылды
Ulysmedia.kz коллажы

Электрондық сауда алаңында тәркіленген 17 зат аукционға шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

САУДА НӘТИЖЕСІ

Сауда нәтижесіне сәйкес қазақстандықтар мына заттарды сатып алған:

  • «Eco Swis» қол сағаты – 97 447 теңгеге;
  • «Troops of Chinggis Khan» коллекциялық монетасы – 153 867 теңгеге;
  • қазақы оюы бар сақина – 85 065 теңгеге.

Алайда қалған 14 зат сатылмай қалды. Олардың қатарында:

  • «Ulysse Nardin Classic 789-80» қол сағаты – 150 117 236 теңгеге;
  • гауһар тасты әшекей бұйымдар жиынтығы (екі сырға, алқа, екі сақина) – 59 864 045 теңгеге;
  • «Frank Muller Geneve» қол сағаты – 20 490 230 теңгеге.

ҚАЙТАДАН САУДАҒА ШЫҒАРЫЛАДЫ

Аукцион ережесіне сәйкес, сатылмаған лоттар қайтадан саудаға шығарылады. Ұйымдастырушылар бағаны төмендету арқылы сатуға үміттеніп отыр. Сондықтан бұл люкс заттар тағы да аукционға түсуі әбден мүмкін.

ТӘРКІЛЕНГЕН МҮЛІКТЕР

Бұған дейін аукционда қаңтар оқиғасынан кейін мемлекеттік опасыздық үшін сотталған бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген мүліктердің сатылып жатқаны белгілі болған. 37 лоттың 21-і сатылып, жалпы сомасы 10,5 млн теңгеден асқан.

Серіктес жаңалықтары