×
535.99
626.36
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.99
626.36
6.64

Украинадағы соғысқа қатысқан өзбекстандық сотталды

Бүгін, 17:10
Украинадағы соғысқа қатысқан өзбекстандық сотталды
Фото: REUTERS/Yan Dorbronosov

Өзбекстанның Қашқадария облысы Шахрисабз ауданында Ресей жағында соғысқан жергілікті тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сот дерегінше, ер адам 2024 жылдың маусымында Ресейге еңбек етуге кеткен. Алайда бір айдан соң Ресей Қорғаныс министрлігімен жылдық келісімшартқа отырып, ай сайын 210 мың рубль жалақы алуға уағдаласқан.

Ол Донецк облысына жіберіліп, әскери дайындықтан өткен әрі соғыс қимылдарына қатысқан. Қыркүйек пен желтоқсанда дрон шабуылдары кезінде жарақат алғаннан кейін демалысқа шыққанда Өзбекстанға қайтып оралған.

Кейін ерікті түрде мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне келіп, соғысқа қатысқанын растайтын құжаттарын тапсырған. Сотта ол жасаған ісіне өкініп, жазасын жеңілдетуді сұрады.

Нәтижесінде Шахрисабз аудандық соты оны кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін де Өзбекстанда Ресей жағында Украинаға қарсы соғысқан 25 жастағы жігітке «жалдамалылық» бабы бойынша үкім шыққаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары