×
533.87
621.64
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
533.87
621.64
6.64

“Баку – Тбилиси – Джейхан” бағытындағы қазақ мұнайы қашан тасымалдана бастайды

Бүгін, 12:00
“Баку – Тбилиси – Джейхан” бағытындағы қазақ мұнайы қашан тасымалдана бастайды
Ulysmedia.kz коллажы

Ақорда кулуарында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстан мұнайының “Баку – Тбилиси – Джейхан” құбыры арқылы тасымалына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің айтуынша, “ҚазМұнайГаз” қазір бұл бағыт бойынша тасымалды барынша тезірек қайта жаңғырту жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.

– Оператор тарапынан онда қандай да бір хлорорганикалық қосылыстар бар екені туралы ресми мәлімдемені мен көрмедім. Бірақ бұл жайында жаңалықтардан білдім. Тасымалды уақытша тоқтату туралы хабар болды. Бірақ менің білуімше, ҚМГ осы бағыт бойынша тасымалды қайта жаңғырту жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Жалпы, бұл құбырдың өткізу қабілеті өте үлкен. Қазір ол 25 млн тонна мұнай айдап отыр, бірақ қуаты – 50 млн. Сондықтан жоспарды орындауға мүмкіндік бар, – деді Ақкенженов.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін британдық BP компаниясы Әзербайжаннан шыққан мұнай сапасына қатысты ықтимал мәселелер туралы хабарлаған болатын. Онда органикалық хлоридтер анықталған. Бұл заттар жабдыққа зақым келтіруі мүмкін. Қазір “Баку – Тбилиси – Джейхан” құбырындағы мұнай сапасы бағалануда.

Серіктес жаңалықтары