×
537.63
622.52
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.63
622.52
6.69

Ондаған ел Украинаға соғыс біткеннен кейін де көмектесуге дайын

Бүгін, 08:02
Ондаған ел Украинаға соғыс біткеннен кейін де көмектесуге дайын
ВВС

Батыс елдері соғыстан кейін Украинаға қауіпсіздік кепілдігінің жүйесін талқылауда, жоспарда үш қорғаныс желісі бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірінші желі — демилитаризацияланған аймақ

Financial Times дереккөздерінің мәліметінше, болашақ қауіпсіздік жүйесінің негізгі элементі Украина шекарасындағы демилитаризацияланған аймақ болмақ. Оны Киев пен Мәскеудің келісімі бойынша тағайындалған үшінші елдің бітімгерлері бақылауы мүмкін. Мұндай шара жаңа эскалациялардың алдын алатын тосқауыл ретінде қарастырылуда.

Екінші және үшінші қорғаныс желілері

Екінші желіні НАТО стандарттары бойынша дайындықтан өткен және батыстық жүйелермен қаруланған украин әскерлері құрайды. Олар негізгі қорғаныс үшін жауап береді. Үшінші желі елдің ішкі аумағында еуропалық күштердің орналасуын қарастырады. Олардың жұмысын АҚШ артқы жағынан қолдау арқылы қамтамасыз етпек. Вашингтон барлау деректерін, бақылау құралдарын беруге және украин әуе қорғаныс жүйесін дамытуға көмектесуге дайын екенін жеткізді. Дегенмен АҚШ өз әскерін Украинаға жіберуді жоспарламайтынын ерекше атап өтті.

Скепсис пен қолдау

Бұған дейін Bloomberg шамамен он шақты ел соғыс аяқталғаннан кейін өз әскерін Украина аумағына жіберуге дайын екенін хабарлаған. Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің бір бөлігі бұл қауіпсіздік кепілдігі жобасына күмәнмен қарап отыр. Олар мұны елді жаңа қақтығысқа тартуы мүмкін деп қауіптенеді.

Серіктес жаңалықтары