×
537.63
622.52
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.63
622.52
6.69

Алматыда 40 қабатты ғимарат құрылысы тоқтатылды

Бүгін, 19:03
Алматыда 40 қабатты ғимарат құрылысы тоқтатылды
Фото: Рамс

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Алматыдағы Rams Beyond атты 40 қабатты мұнараның құрылыс-монтаждау жұмыстары уақытша тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, рейд барысында қала әкімдігінің қала құрылысы бақылау басқармасы құрылыс компаниясына ресми нұсқама тапсырған.

Тұрғындардың қарсылығы

Жоба таныстырылған сәттен бастап-ақ қала тұрғындары оны қатты сынға алған. Олар Тимирязев – Сейфуллин қиылысы маңындағы ауданның онсыз да шамадан тыс жүктелгенін, көлік қозғалысы мен тұрғын үй тығыздығы жоғары екенін айтқан. Сонымен қатар жақын маңда бірде-бір жасыл аймақтың жоқтығы да тұрғындардың наразылығын күшейткен.

Контекст

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімі Дархан Сатыбалдыға Алматының жоғарғы бөлігіне көпқабатты тұрғын үй кешендері мен нүктелік құрылыстар салуға мораторий енгізуді тапсырған болатын. Тек әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен Бас жоспарға енгізілген туристік кластер жобаларына ғана рұқсат берілмек.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Бас жоспарға жедел өзгерістер енгізуді, оның ішінде экологиялық шараларды күшейтуді, қалалық ортаны теңгерімді дамыту мен таулы аймақтарды құрылыс қысымынан қорғауды тапсырған еді.

Серіктес жаңалықтары