Қызылорда облысында әкім Нұрлыбек Нәлібаев туралы жазбаға лайк басу талап етілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Жеткер Жүсіп есімді facebook қолданушысы жазды.
- Міне,"Кемелденген Қазақстандағы" "Нұрлыбектенген" Қызылорданың бүгінгі сиқы. "Лайк" үшін жан пида. Барлық жалдамалы блохерлер мен жағымпаз лайкшілдер бірігіңдер!, – дейді жазба авторы.
БАСҚАРМА НЕ ДЕЙДІ
Бұл жағдайдың мән-жайын анықтау үшін білім басқармасымен байланыстық.
- Облыстық білім басқармасымен мұндай тапсырмалар берілмеген және берілмейді де, деп қысқа қайырды басқарма өкілі.