×
538.54
628.31
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.54
628.31
6.7

Алматы облысындағы алапат өрттен үш адам қаза тапты

Бүгін, 10:40
Алматы облысындағы алапат өрттен үш адам қаза тапты
depositphotos

Алматы облысы Қарасай ауданында болған ірі өрт орнынан үш адамның күйген денесі табылды. Тілсіз жау саяжай үйлері мен қора-қопсыны шарпыды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 30 тамыз күні сағат 15:50-де Тұрар ауылы маңында тұтанған. Құрғақ шөп өртеніп, кейін жалын 30 гектар аумақты шарпып, тез арада тұрғын үйлерге тараған. Салдарынан жеті саяжай үйі, жалпы аумағы 531 шаршы метр болатын алты қора-қопсы, Honda Civic автокөлігі, шөп жиналған қора, қожалықтағы бастырма және 80 шаршы метр тұрғын үй жанып кетті.

Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері бүкіл аумақта жалынның жайылып кеткенін анықтаған. Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматының төтенше жағдайлар департаменті күштері – барлығы 27 қызметкер және 10 техника жұмылдырылды. Өрт 00:20-да оқшауланды.

ҚҰРБАНДАР ЖӘНЕ ТЕРГЕУ

Төтенше жағдайлар департаменті үш адамның мәйіті табылғанын растады. Қаза тапқандардың жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өрттің шығу себебін Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тергеушілері анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары