Қазақстанда «Табиғи монополиялар туралы» заңға енгізілген түзетулер күшіне енді. Олар су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын энергетика саласы мамандарының деңгейіне дейін көтеруді көздейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жалақы өсімі сумен жабдықтау және су бұру саласында жұмыс істейтін 25 мыңнан астам қызметкерге қатысты болады. Статистика деректеріне сәйкес, еңбекақының өсуі өңірлерге байланысты орта есеппен 35%-дан 50%-ға дейін болмақ.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, жалақыны арттыру – саланың мамандары үшін еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі. Сонымен қатар су шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, оған шетелде оқыту да кіреді.
БҰҒАН ДЕЙІН
Айта кетейік, бұған дейін жалақы өсімі су саласындағы кадрлардың тұрақсыздығын азайтып, білікті мамандарды көбірек тартуға мүмкіндік беретіні хабарланған еді.