×
538.54
628.31
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.54
628.31
6.7

МӘМС қаржысының бір бөлігі тіс пен пластикалық отаға жұмсалуы мүмкін

Бүгін, 15:25
МӘМС қаржысының бір бөлігі тіс пен пластикалық отаға жұмсалуы мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) төленетін жарнаның 25 пайызын азаматтардың жеке шотына аударуды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бұл қаржыны стоматология, пластикалық операция сияқты сақтандыру пакетіне кірмейтін қызметтерге қолдануға болады.

- МӘМС-тегі қаражаттың кемінде 25%, жақсы жағдайда жалпы соманың жарты пайызы азаматтардың жеке шоттарына түссін. Яғни менен 20 мың тг МӘМС-ке түссе, соның 10 мың теңгесін мен бөлек қолданып отырайын. Осы мәселені мен бірінші  оқылымда көтердім. Ол кезде министрлік «аталған ұсынысыңыз өте орынды, біз мұны қолдаймыз» деді. Бірақ жеме жем келгенде аталған ұсынысымыз екінші оқылымда қолданбай қабылданбай кетті, – деді депутат.

Аралбайдың айтуынша, министрлік бұл бастаманы қолдағанымен, екінші оқылымда қабылданбаған. Дегенмен ол қазан айында Мәжіліске түсетін жаңа заң жобасында қайта көтерілетінін айтты.

Динара Жарқынбек

Серіктес жаңалықтары