×
538.54
628.31
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.54
628.31
6.7

«Саяси тұтқын» деп танылған Тимур Дәнебаев бостандыққа шықты

Бүгін, 17:14
«Саяси тұтқын» деп танылған Тимур Дәнебаев бостандыққа шықты
Фото: bureau.kz

Құқық қорғаушылар «саяси тұтқын» деп таныған Тимур Дәнебаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook желісінде Тимур Дәнебаевтың бостандыққа шыққанын жазып, оның бейне үндеуін жариялады. Онда Дәнебаев Көкшетау қаласында сейсенбі және сәрсенбі сайын азаптау ісі бойынша өтетін сот отырысына шақырды.

Тимур Дәнебаев 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) әскерін Қазақстанға шақырғаны үшін билікті сынап, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Алматыға 20 мың бандит шабуылдады» деген сөзі үшін сотқа бермек болған.

Кейіннен оған «ұлт араздық қоздырды» деген айып тағылып, сот үкімімен үш жылға сотталған. Бұған Өскемен тұрғынының арығы себеп болған. Сот Дәнебаев Ресейдің Украинаға басып кіруін сөз еткенде ұлт араздық қоздыратын сөздер айтты деген тұжырымға келген.

Тимур Дәнебаев өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Апелляциялық шағым түсірген. Бірақ үкім өзгеріссіз қалған.

Құқық қорғаушылар Дәнебаевты «саяси тұтқындар тізіміне» қосқан. Қазақстан билігі елде саяси тұтқын барын жоққа шығарады.

2023 жылы қыркүйекте Атбасар түрмесінде Тимур Дәнебаев пен басқа да сотталушылардың соққыға жығылған видеосы тараған. 2024 жылы 12 түрме қызметкерінің үстінен іс қозғалып, сот басталған. Айыпталушылар түрменің ішкі ережесіне сай қызмет еткендерін айтып, өздерін ақтауды сұраған.

Биыл ақпанда Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 12 түрме қызметкерін ақтаған. Сәуірде Ақмола облыстық соты үкімнің күшін жойған.

Серіктес жаңалықтары