×
539.55
627.55
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.55
627.55
6.7

Сот Ертаевтың неге мерзімінен бұрын бостандыққа шыққанын түсіндірді

Бүгін, 14:33
Сот Ертаевтың неге мерзімінен бұрын бостандыққа шыққанын түсіндірді
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы облысының соттары банкир Жомарт Ертаевтың неге мерзімінен бұрын бостандыққа шыққанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2 қыркүйекте Алматы облысы Алатау қалалық сотында сотталған Жомарт Ертаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына байланысты қабылданған рақымшылық актісін қолдану туралы өтініші қаралған. 

Жомарт Ертаев 2020 жылғы 16 қарашада Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 28-бабы 3-бөлігі, 228-бабы бойынша ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған.

2 қыркүйектегі жағдай бойынша Жомарт Ертаев 8 жыл 3 ай 14 күн бас бостандығынан айыру жазасын өтеді (15.11.2018 жылдан бастап қамауда болған, қамаудағы уақыты бір күні бір жарым күнімен есептелген), өтелмеген мерзімі 11 ай 16 күнді құрады. Мекеме сотталғанға мінез-құлқының бірінші оң дәрежесін белгілеген.

СОТ ШЕШІМІ

23 маусымдағы «Рақымшылық туралы» Заңның 3-бабы 6-тармағына сәйкес, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандарға, егер олардың өтелмеген мерзімі бір жылдан аз болса және теріс мінез-құлық дәрежесі болмаса, жазаның өтелмеген бөлігінің мөлшері қысқартылады.

СОТТЫҢ ҚАУЛЫСЫ

- Сотталған Жомарт Ертаевтың өтініші қанағаттандырылсын. Сотталған Жомарт Ертаевты негізгі жазасының өтелмеген— 11 ай 16 күн бөлігінен босатылсын, делінген сот қаулысында. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары