×
539.55
627.55
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.55
627.55
6.7

«Қайрат – Реал» матчы: полиция ескерту жасады

Бүгін, 17:08
«Қайрат – Реал» матчы: полиция ескерту жасады
Ulysmedia.kz коллажы

Алматыда өтетін халықаралық футбол матчы қарсаңында полиция тұрғындарды билеттерді сатып алу кезінде ерекше сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алаяқтар белсенді әрекетке көшті

Алматы қалалық полициясы ең кең таралған алаяқтық сызбаларын түсіндіретін арнайы әлеуметтік бейнеролик дайындады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ірі спорттық және мәдени шаралар алдында интернет арқылы жалған билеттер ұсынатын алаяқтар әдеттегіден белсенді жұмыс істей бастайды.

Ресми кассалардан ғана сатып алыңыз

Полиция азаматтарға билеттерді тек ресми кассалардан және лицензиясы бар таратушылардан алуды ұсынады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдын ала төлем жасауды талап ететін күмәнді ұсыныстарға жоламау қажет.

– Қала тұрғындары мен қонақтарына ескертеміз: алдағы матчқа қызығушылық артқан сайын алаяқтық тізбектердің қаупі де жоғарылайды. Ешқашан билетті қолдан немесе тексерілмеген интернет-платформалардан сатып алмаңыз. Күмән туған жағдайда ресми дистрибьютор кассасына жүгініңіз. Бұл – өзіңізді және қаражатыңызды қорғаудың жалғыз жолы. Біздің мақсатымыз – киберқылмыстарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алу. Сол үшін әлеуметтік бейнероликтер мен БАҚ арқылы профилактикалық жұмыстарды күшейттік, – деді Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.

Күмәнді жағдайға тап болсаңыз:

Полиция күмәнді хабарландырулар мен алаяқтық белгілері анықталған сәтте бірден «102» нөміріне қоңырау шалуды еске салды.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуі 30 қыркүйек күні Алматыда өтеді. Ал «Интермен» кездесу 5 қараша күні Миланда өтеді. «Арсеналмен» кездесу 2026 жылдың 28 қаңтарына жоспарланған. 

Серіктес жаңалықтары