Акмәди Сарбасов ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінде бұрын ұсталған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған Акмәди Сарбасовқа қандай айып тағылғаны туралы хабарлады, деп жазады Қазинформ.
– Департаментпен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Сарбасов А.А.-ға қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлімі 3-тармағында көзделген ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – делінген хабарламада.
ЖАЗА
Осылайша, көрсетілген бап бойынша Сарбасовқа 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру, пара сомасының 60–70 еселенген мөлшерінде айыппұл, мүлкін тәркілеу және өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызмет түрлерімен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
ҰСТАЛУЫ
Бұған дейін ҚМА Сарбасов пен «Бірінші кредиттік бюро» басшысы Омаровтың осы жылдың 28 маусымында 75 мың доллар көлемінде кезекті пара беру кезінде ұсталғанын хабарлаған. Сот олардың қамауға алынуы туралы шешім шығарған.