Қазақстандық абоненттер Kcell және Activ операторларының қызметінде ақаулар болғанын хабарлады. Компания өкілдері мәселенің барын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Пайдаланушылар желідегі уақытша кідірістер мен қызметтердің дұрыс жұмыс істемеуіне шағымданған.
– Жауапты қызметкерлер мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатыр. Тудырған қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз! – делінген компания хабарламасында.
БҰҒАН ДЕЙІН
Айта кетейік, шілде айының соңында да осындай жағдай тіркелген. Ол кезде шамамен абоненттердің 20%-ында байланыс қызметі дұрыс жұмыс істемеген еді.