×
540.05
629.16
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.05
629.16
6.65

Зеленский Путиннің Мәскеуде кездесу туралы ұсынысына жауап берді

Бүгін, 08:01
Зеленский Путиннің Мәскеуде кездесу туралы ұсынысына жауап берді
Фото: Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путиннің Мәскеуде кездесу өткізу туралы ұсынысын «Кремльдің шынайы ниеті жоқ» деп бағалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Баспасөз конференциясындағы мәлімдеме

Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында айтты.

- Егер сіз шын мәнінде кездескіңіз келмесе, мені Мәскеуге шақыра саласыз. Бірақ Ресейдің келіссөз мүмкіндігін сөз ете бастауының өзі жаман емес, – деді Зеленский.

Киевтің ұстанымы

Сонымен қатар, ол Киев әзірге Мәскеудің қақтығысты тоқтатуға ешқандай ықыласын көрмей отырғанын атап өтті.

Путиннің жауабы

Бұған дейін Владимир Путин келіссөздерге баруға дайын екенін мәлімдеген еді.

- Дональд (Трамп – ред.) менен, егер мүмкіндік болса, осындай кездесу өткізуді сұрады. Егер Зеленский Мәскеуге келуге дайын болса, кездесуге болады, – деген болатын Ресей президенті.

Серіктес жаңалықтары