Қайырымдылыққа жиналған миллиардтарды жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның мүлкі сатылымға қойылады, деп хабарлайды Ullysmedia.kz.
АУКЦИОНҒА ҚАНДАЙ МҮЛІКТЕР ШЫҒАРЫЛАДЫ
Аукционға төрт пәтер, төрт қымбат көлік, бағалы әшекейлер мен брендтік бұйымдар шығарылмақ. Түскен қаржы зардап шеккендердің шығынын өтеуге жұмсалады.
СОТ ҮКІМІ
Өткен жылғы тасқын кезінде халықтың көмегіне жиналған қаражатты мақсатсыз пайдаланған Перизат Қайратқа сот 10 жыл, анасына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескен болатын. Жауапкерлердің адвокаты үкімге келіспей, апелляцияға жүгінетінін мәлімдегенімен, сотқа әзірге ешқандай шағым түспеген.
БАЙБЕКТІ ТЕКСЕРУ ТУРАЛЫ
Сот процесі барысында Перизат Қайрат Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекті де тергеуді сұраған. Алайда Қаржы мониторингі агенттігі бұл іске Байбектің қатысы жоқ екенін атап өтті.
РЕСМИ ТҮСІНІКТЕМЕ
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтың айтуынша, тергеу барысында қаражатты иемденген басқа адамдар анықталмаған.
— Бұл қаражат жеке үй, төрт пәтер және автокөлік сатып алуға жұмсалған. Барлық мүлік Перизат Қайрат пен анасының атына тіркелген, — деді ол.