×
540.05
629.16
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.05
629.16
6.65

"Банкирлерге бөлек сот па?" - экс-министр Біртанов Ертаевтың отставкасы туралы

Бүгін, 13:39
"Банкирлерге бөлек сот па?" - экс-министр Біртанов Ертаевтың отставкасы туралы
Ulysmedia.kz коллажы

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов банкир Жомарт Ертаевтың бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

— Мен де қарызбын, рас, бірақ тура 100 есе аз сомаға, әрі ол да Олжас Әбішев екеумізге ортақ. Бірақ сот қарыздың өтелмегеніне байланысты менің шартты түрде мерзімінен бұрын босау туралы өтінішімді қарауға да тұрған жоқ. Айтпақшы, біз, кейбіреулердей, өзгенің ақшасын мүлде ұрлаған жоқпыз. Әрине, банкирлер үшін бөлек сот бар сияқты, — деп жазды Біртанов.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Жомарт Ертаевтың бостандыққа шыққаны белгілі болды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ертаевтың амнистия бойынша босатылғанын, пробацияда болатынын хабарлады.

2020 жылдың қарашасында Жомарт Ертаев RBK банкынан 144 млрд теңге ұрлағаны үшін орташа қауіпсіздік колониясында 11 жылға сотталған еді. 2021 жылдың наурызында оған қылмыстық топ құру және алаяқтық жасағаны үшін 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның ісі бойынша тағы 35 адам сотталды. Іс 700 томнан және 46 эпизодтан тұрды. Айыптау актісі 280 бетке созылып, оны бірнеше күн бойы оқыған.

БІРТАНОВ

Еске салсақ, 2022 жылдың қазанында сот Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевті Қылмыстық кодекстің 361-бабы (Қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп тауып, Біртановқа — 5 жыл, Әбішевке — 4 жыл бас бостандығын шектеу жазасын кескен. Кейін экс-шенеуніктер өз кінәсін мойындамай, апелляциялық сотқа жүгінгенімен, үкім өзгеріссіз қалды.

Серіктес жаңалықтары