×
540.05
629.16
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.05
629.16
6.65

Еуроодақ Ресей газынан толық бас тартпақ

Бүгін, 17:55
Еуроодақ Ресей газынан толық бас тартпақ
фото: REUTERS/Dado Ruvic

Еуропалық одақ Ресей газын импорттауға толық тыйым салуды талқылап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ЕО-ның энергетика жөніндегі комиссары Дэн Йоргенсеннің айтуынша, Еуропа Ресейден энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету жолдарын табуы қажет. Негізгі шара – ресейлік газ импортына толық тыйым салу.

- Бейбітшілік орнағаннан кейін де, менің ойымша, біз ресейлік энергия ресурстарын импорттамауымыз керек. Бұл уақытша санкциялар емес, бұл мәңгі қалады. Еуропа бұл шешім қабылданған соң Ресей газынан бірде-бір молекула сатып алмайды, – деді Йоргенсен.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін қабылданған жоспарға сәйкес, Ресей энергия ресурстарына тәуелділік 2028 жылға дейін барынша азайтылуы тиіс. Еурокомиссия мүше мемлекеттерден 2025 жылдың соңына дейін ресейлік энергия көздерінен бас тартуға арналған ұлттық жоспарларын ұсынуды талап еткен. Сонымен қатар, ЕО Ресейге шектеулерді айналып өтуге көмектесіп отырған елдерге қарсы қосымша санкциялар енгізу мәселесін де қарастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары