Украина президенті Владимир Зеленский Словакияның премьер-министрі Роберт Фицомен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Зеленский мен Фицо Ужгородта кездесті. Украина басшысы келіссөзді мазмұнды өтті деп бағалады. Тараптар, әсіресе, Еуропадағы бейбітшілікті қамтамасыз ету шараларын және қауіпсіздік архитектурасын талқылады.
Кездесу қорытындысында Фицо Украинаға ЕО-ға кіруге қолдау білдіретінін айтты.
ДӘЙЕКСӨЗ
– Мен Украина ЕО-ға кіргенін қалаймын. Кіру жөніндегі келіссөздерде өз тәжірибемді бөлісуге дайынмын, – деді Словакия премьері.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін Зеленский Владимир Путиннің Мәскеуде келіссөз өткізу ұсынысын Кремльдің кездесуді шынайы ұйымдастыруға ниеті жоқтығының дәлелі деп атаған болатын.