Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді.
– Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланады, – делінген хабарламада.
АНЫҚТАМА
Феликс Чисекеди — Конго Демократиялық Республикасының президенті қызметіне 2019 жылы кірісті. Ол елдің тарихындағы бейбіт жолмен сайланған алғашқы президент ретінде белгілі. Ол Қазақстанға алғаш рет келе жатыр.
Еске салайық, 2024 жылы Конго президенті Дени Сассу-Нгессо да қазақ жеріне алғаш рет сапар жасаған еді. Бұл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен тұспа-тұс келді.