×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

"Қайрат" капитаны Беларусьта тісінен айырылды

Бүгін, 14:01
"Қайрат" капитаны Беларусьта тісінен айырылды
Sports.kz

5 қыркүйекте Беларусь құрамасы мен Грекия арасындағы ойында алматылық "Қайраттың" капитаны Александр Мартынович жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Euroradio.fm жазуынша, футболшының тісі сынған.

Қорғаушы алаңға капитандық белбеумен шыққанымен, небәрі 54 минут қана ойнады. Матчта Беларусь құрамасы ойсырай жеңілді — 1:5. Келесі ойын 8 қыркүйекте Шотландияға қарсы өтеді.

Жарақатына қарамастан, Мартынович клубтық матчтарға дайындалып жатыр.

Қазақстан Премьер-лигасының 23-тур ойындары 13-14 қыркүйекте өтеді, ал 19 қыркүйекке қараған түні «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңін Португалияның «Спортингіне» қарсы сырт алаңда бастайды.

Серіктес жаңалықтары