×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

Талғарда әкесін өлтіріп, қызын ұрлап кетті: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Талғарда әкесін өлтіріп, қызын ұрлап кетті: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Ашық дереккөзден

Алматы облысының Талғар қаласында белгісіз адам ер азаматты атып өлтіріп, кішкентай қызды алып кеткен. Қазіргі уақытта шабуыл жасаған ер адам ұсталып, қыз бала анасымен қауышты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ

Марқұм ер адамның туыстарының адвокаты әрі туысы Гаухар Сәриева оқиғаның мән-жайын айтып берді. 

- Күдікті ер адам қайтыс болған бауырымның туған қарындасының бұрынғы жігіті. Күдікті сол қайтыс болған бауырымның қарындасын зорлап кеткен. Сондықтан олар полицияға арыз жазған. Күдікті ер адам бір ай бойы “полицияға жазған арызыңды ал” деп қорқытып, қоқан-лоқы көрсетіп жүрді. Арасында сіңлімнің интим суреттерін туыстарына таратып жіберген. Кейіннен арызды қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша жаздық. Бірақ полицейлер қылмыс құрамы жоқ деді. Сосын прокуратураға арыз жаздық.  Полиция басшыларына кірген сайын күдікті тағы интим суреттер жіберіп отырды. Ал бүгін солай шабуыл жасап отыр, дейді Гаухар Ұлысмедиаға. 

МИНИСТРЛІК ПІКІРІ

Қазіргі уақытта бүлдіршін табылып, тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілген. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасы бойынша психологиялық қолдау орталығының мамандары оқиға орнына барып, психологиялық көмек көрсетуде. Сондай-ақ, Алматы облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі де оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Полиция мәліметінше, ер адамды өлтіру және бала ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, күдікті қыздың анасымен бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Араларында жанжал туындап, ер адам жәбірленушінің ағасына мылтықтан оқ атқан. Оқ тиген ер адам жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары