×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

Талғардағы қанды қылмыс: балаға ота жасалды

Бүгін, 09:30
Талғардағы қанды қылмыс: балаға ота жасалды
Pixabay.com

Алматы облысы Талғар қаласында ұрланып, кейін арнайы жасақ құтқарған кішкентай қызға хирургиялық ота жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл жайлы адвокат Гауhар Сәриева әлеуметтік желілерде хабарлады. Оның айтуынша, балаға тілінен сегіз тігіс салынған.

Адвокаттың мәліметінше, қылмыскер полицейлерден қашып жүріп, қызды көлікпен бірге жардан құлатып алған. Соның салдарынан бүлдіршін жарақат алып, денесі көгеріп, сызаттар пайда болған.

— Қылмыскер көлікті қызбен бірге жардан тастап жіберді. Бүлдіршін жарақаттарды сол кезде алды, оған қол тигізбеген. Ол шынымен аман қалғанына шүкір, — деп жазды Сәриева.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Еске салайық, 6 қыркүйек кешке Алматы облысы Талғар қаласында бейтаныс адам ер азаматты атып өлтіріп, кішкентай қызды алып кеткен.

Полиция мәліметінше, ер адамды өлтіру және бала ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, күдікті қыздың анасымен бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Араларында жанжал шығып, ер адам жәбірленушінің ағасына мылтықтан оқ атқан. Оқ тиген ер адам жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан.

Кейінірек полицияның арнайы жасағы кәмелет жасқа толмаған баланы құтқару операциясын сәтті жүргізгенін хабарлады. Құқық қорғау органдары күдікті көп ұзамай қолға түсіп, одан атыс қаруы тәркіленгенін мәлімдеді.

Марқұм ер адамның туыстарының адвокаты әрі туысы Гауhар Сәриева оқиғаның мән-жайын айтып берді. 

Талғарда болған қанды оқиғаға қатысты жәбірленуші тарап әрі адвокат Ұлысмедиаға берген сұхбатында жаңа деректерді бөлісті. 

Серіктес жаңалықтары