×
524.94
602.79
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.94
602.79
6.45

Қазақстанда мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні атап өтіліп жатыр

07.09.2025, 11:37
Қазақстанда мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні атап өтіліп жатыр
Pixabay.com

Бүгін, 7 қыркүйекте Қазақстанда кәсіби мереке – Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні аталып өтіліп жатыр. Бұл күн дәстүр бойынша қыркүйектің алғашқы жексенбісіне сәйкес келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл мерекенің тарихи тамыры тереңде жатыр: ол алғаш рет Кеңес дәуірінде белгіленген, ал тәуелсіз Қазақстанда 2003 жылы ресми мәртебе берілді. Тиісті жарлыққа ел президенті қол қойған.

Мұнай-газ саласы ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі болып қала береді. Ол – шетел валютасының басты көзі әрі ЖІӨ-ге қомақты үлес қосатын стратегиялық сала.

Сонымен қатар мемлекеттің энергетикалық және экономикалық қауіпсіздігінде шешуші рөл атқарады. Саланың маңызы ірі кен орындары – Теңіз, Қарашығанақ және Қашағанмен тікелей байланысты.

Еске салайық, 31 тамызда Қазақстанда Шахтерлер күні атап өтілген еді.

Серіктес жаңалықтары