×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

Талғардағы қылмыс: прокурорлар полицияның әрекетсіздігін тексеріп жатыр

Бүгін, 15:40
Талғардағы қылмыс: прокурорлар полицияның әрекетсіздігін тексеріп жатыр

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы қайғылы жағдайдан кейін жергілікті полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігіне байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ведомствоның мәліметінше, тәртіп сақшылары күдіктіні уақытылы ұстау бойынша тиісті шара қабылдамаған. Ол Қызылқайрат ауылында ер адамды атып өлтіріп, кішкентай қызды ұрлап кеткен.

Қазір істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Тергеу барысы облыс прокуратурасының ерекше бақылауына алынған.

Сонымен бірге прокуратура жалған ақпарат таратпауға үндеп, тек ресми мәліметке сенуді ескертті. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге деректер жарияланбайды.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Еске салайық, 6 қыркүйек кешке Алматы облысы Талғар ауданында бейтаныс адам ер азаматты атып өлтіріп, кішкентай қызды алып кеткен.

Полиция мәліметінше, ер адамды өлтіру және бала ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, күдікті қыздың анасымен бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Араларында жанжал шығып, ер адам жәбірленушінің ағасына мылтықпен оқ атқан. Оқ тиген ер адам жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан.

Кейінірек полицияның арнайы жасағы кәмелет жасқа толмаған баланы құтқару операциясын сәтті жүргізгенін хабарлады. Құқық қорғау органдары күдікті көп ұзамай қолға түсіп, одан атыс қаруы тәркіленгенін мәлімдеді.

Марқұм ер адамның жақындарының адвокаты әрі туысы Гауhар Сәриева оқиғаның мән-жайын айтып берді. 

 Ulysmedia.kz тілшісі жәбірленуші тараппен әңгімелесіп, жаңа деректерді білді. 

Кейін арнайы жасақ құтқарған кішкентай қызға хирургиялық ота жасалғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары