×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

Ұлысмедиа тілшісін үкімет үйінің алдына кіреберістен қуып жібермек болды

Бүгін, 10:30
Ұлысмедиа тілшісін үкімет үйінің алдына кіреберістен қуып жібермек болды
Ашық дереккөзден

Ulysmedia.kz тілшісін үкімет үйінің алдына кіреберістен қууға тырысты. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Біздің тілші сағат 11:00-де басталатын президенттің алдағы жолдауына қатысты депутаттардың пікірін жазып алып жатқан еді. Бір сәтте оған белгісіз адам жақындап, кетуді және видеоға түсірмеуді сұрады.

– Түсірмеңіз.
– Мен журналистпін, сізге түсіндіруге міндетті емеспін. Өзіңізді таныстырыңыз. Өйткені сіз менен бір нәрсе талап етіп тұрсыз.
– Сіз видеоға түсіріп жатырсыз… Мен сізге көмектескім келіп-ақ тұр, мүмкін шағымдарыңыз бар шығар... Мен жай ғана өтіп бара жатқан адаммын.

Кейін тілшіге форма киген тағы бір ер адам келді. Ол тілшіден кімді күтіп тұрғанын сұрады.

– Министр Нұртілеуді күтіп тұрмын, – деп жауап берді біздің қызметкер.

Контекст

Ulysmedia.kz тілшісі президент жолдауын тыңдауға жиналған қатысушыларды Үкімет үйінің бас кіреберісінде күтіп тұрды. Кейбір депутаттар өздерінің не күтетінін айтуға келісті. Мәселен, депутат Айтуар Қошмамбетов белгілі бір экономикалық шешімдерді күтетінін жеткізді. Ол парламенттің таратылуы мүмкін екені туралы ойламағанын атап өтті. 

Серіктес жаңалықтары