×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

"Мемлекеттік органдардың бизнесті қыспаққа алуы – орынсыз" - Тоқаев

"Мемлекеттік органдардың бизнесті қыспаққа алуы – орынсыз" - Тоқаев
Ulysmedia.kz коллажы

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік органдар шағын және орта бизнесті қыспаққа алуы-орынсыз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздегі 2 миллионнан астам шағын бизнес субъектілерінің небәрі 6 пайызы ғана өндіріс саласында жұмыс істейді. Орта бизнесте бұл көрсеткіш жоғары болғанымен, айтарлықтай қуанта қоймайды.

«Өткен жылы мен бизнеске бағытталған ашық реттеу моделіне көшу үшін экономиканы одан әрі ырықтандыру шаралары туралы Жарлыққа қол қойдым. Алайда ол толық орындалмай отыр. Экономикалық бастамаларды жандандыру әлі де күн тәртібінде тұр. Сондықтан құқықтық базаны жаңарту қажет. Маған мемлекеттік органдардың бизнеске алдын ала ескерту шараларының орнына қатаң әкімшілік шешімдер қабылдап жатқаны туралы деректер түсуде. Бұл – жол беруге болмайтын жағдай. Бизнесті артық тексерулерден қорғаудың маңызды құралы міндетті талаптар тізбесі болуы тиіс», – деді Тоқаев.

ЖАҢА ОРТАЛЫҚ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев іскер азаматтардың әлеуетін ашу үшін құқықтық базаны жаңғырту қажет екенін айтты. Оның сөзінше, қазір елде 21 кодекс пен 300-ден астам заң бар, оларға көптеген түзетулер енгізілген. Кейбір нормалар бір-біріне қайшы келіп, бизнестің дамуына кедергі болып отыр. Сондықтан заңнаманы толық қайта қарап шығу керек. Бұл жұмысты жасанды интеллект технологиясы тиімді орындауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жанынан Интеллект арқылы реттеу орталығы құрылатынын мәлімдеді. Ол заңнаманы ретке келтіріп, түсінікті әрі тиімді ұсыныстар әзірлеумен айналысады.

КОНТЕКСТ

Мемлекет басшысы бизнесті артық тексеруден қорғаудың басты құралы ретінде міндетті талаптар тізімін атады. Ол қолданыстағы нормалардың Кәсіпкерлік кодекске сәйкестігін тексеріп, тізімді тез арада енгізуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары