×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

Қазақстанда электрсамокаттарға қатысты заң қабылданады

Бүгін, 13:07
Қазақстанда электрсамокаттарға қатысты заң қабылданады
Ulysmedia.kz коллажы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында самокаттарға қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жол қауіпсіздігі – басты назарда

Мемлекет басшысы елдегі жол апаттарының жағдайына тоқталды.

– Әрине, белгілі бір жұмыс атқарылып жатыр, бірақ жол-көлік апаттарының саны азайған жоқ. Биылдың өзінде 22 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Мұнда көп нәрсе жүргізушілердің өздеріне байланысты. Өйткені жол қозғалысы ережесін бұзатындар аз емес. Әрбір азамат өз өміріне және айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапты екенін түсінуі керек. Қоғам болып жүргізу мәдениетін қалыптастыру қажет, – деді президент.

Электрсамокаттарға қатысты заң қатаңдайды

Тоқаев өз сөзінде электросамокат мәселесіне де тоқталды.

– Бұл тақырып қоғамда қызу талқыланып жатыр. Екі жыл бұрын заңға өзгерістер енгізіліп, жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруге шектеулер қойылды. Бірақ қоғамдық орындардағы жағдай айтарлықтай өзгерген жоқ, азаматтар әлі де қауіпке тап болып отыр. Бүгінде осы саланы реттейтін заңнамалық түзетулер дайындалды. Оларды жедел қабылдау қажет. Әрбір азаматтың, әрбір баланың өмірі – баға жетпес құндылық. Мұнда ұсақ-түйек деген болмауы тиіс. Ақыр соңында, бұл – «Қауіпсіз Қазақстанды» құру жолындағы маңызды қадамдар, – деді мемлекет басшысы.

Контекст

Бұған дейін ІІМ-де электросамокаттарды пайдалануға қатысты мәселелер әлі шешілмегенін мойындаған болатын. Ведомство самокатшылардың қатысуымен болған жол апаттарының жиілеп кетуіне байланысты кикшеринг компанияларының басшыларын жауапқа тартуға уәде берген.

Серіктес жаңалықтары