Қазақстанда криптоиндустрияны дамыту мақсатында заңнама либерализацияланады. Бұл туралы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Министрдің айтуынша, өзгерістер бірнеше бағытты қамтиды. Ең бастысы – криптовалютаны шығару мен айналымын заңдастыру. Сондай-ақ ел аумағында криптобиржаларды лицензиялау енгізіледі. Майнерлер үшін табылған цифрлық активтерді ЦДАӨМ арқылы сату талабы алынып тасталады. Бұған қоса, электр станцияларын жаңғыртуға арналған «70/30» бағдарламасы жүзеге асырылады.
Мадиевтің сөзінше, бұл шаралар елімізде криптовалютамен еркін алмасуға мүмкіндік беріп, саланың ашық әрі заңды дамуына жол ашады.
КОНТЕКСТ
Президент тапсырмасымен 2026 жылға дейін ұлттық криптоқор құрылып, цифрлық теңгенің қолданыс аясы кеңейтіледі. Бұл шаралар Қазақстанды өңірдегі крипто және блокчейн технологияларының жетекші орталығына айналдыра алады.