×
535.13
627.44
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.13
627.44
6.52

Депутат Алматыда самокаттарға тыйым салуды ұсынды

Бүгін, 16:00
Депутат Алматыда самокаттарға тыйым салуды ұсынды
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Бейбіт Құсайынов электрсамокаттар мен мопедтерге қатысты мәселе көтерді. Ол қалада бұл көліктерге байланысты тәртіп орнату қажеттігін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қауіпсіздік мәселесі өткір тұр

Құсайыновтың айтуынша, бүгінде электросамокат, мопед және электробайк жүргізу нақты ережелермен реттелмейді. Қалада олардың жылдамдығына шектеу қойылмаған, тұрақтары ретсіз орналасқан, ал көпшілік пайдаланушылар жол ережесін білмейді.

– Самокаттар тротуарға да, жол бойына да тасталады. Бұл жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызып қана қоймай, қауіп-қатер төндіреді. Өзім қаланы серуендегенді ұнатамын, бірақ арттан самокат зу етіп өткенде, қарапайым серуен қауіпті сынаққа айналады, – деп жазды депутат.

Депутаттың ұсынысы

Мәслихаттағы талқылауда Бейбіт Құсайынов Алматыда электросамокаттарды уақытша шектеуді ұсынды. Ол бұл шараны төмендегі жағдайлар шешілмейінше енгізу қажет деп есептейді:

  • реттелген тұрақ орындары пайда болмайынша;

  • қауіпсіз веложолақтар салынбайынша;

  • аренда мен жүргізуге қатысты нақты ережелер бекітілмейінше.

– Тек осылай ғана қаланы баршаға ыңғайлы әрі қауіпсіз ете аламыз, – деп түйіндеді депутат.

Серіктес жаңалықтары