Сыртқы істер министрлігі Катардағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
СІМ орынбасары Әлібек Бақаевтың сөзінше, елдегі жағдай СІМ бақылауында.
- Жағдайды зерттеп отырмыз. Ол үлкен, күрделі мәселе. Шешімге келу үшін мықты саяси себептер болуы керек, дейді Бақаев.
КОНТЕКСТ
9 қыркүйек күні күндіз ЦАХАЛ Дохаға әуе соққысын жасады. Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, шабуыл салдарынан ХАМАС көшбасшыларының бірі Халиль әл-Хайя және тағы төрт адам қаза тапты.