×
536.76
630.85
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.76
630.85
6.45

Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтардың мәселесі қашан шешіледі?

Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтардың мәселесі қашан шешіледі?
Ulysmedia.kz коллажы

Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға қатысты мәселе жыл соңына дейін шешімін табуы мүмкін. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министрдің айтуынша, Кореяда үкімет ауысқаннан кейін біраз уақыт министр тағайындалмай, келіссөздер тоқтап қалған. Бұған Кореядағы саяси ауыс-түйістер, экс-президенттің соты сынды мәселелер себеп. Қазір Сыртқы істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

- Корея тарапы бізден жол картасын қабылдауды талап етті. Оның аясында нақты іс-шаралар белгіленіп, заңсыз жүрген азаматтарды еліне қайтару мәселесі қарастырылады. Қазақстан алғашқы жоспарды ұсынып қойды, қазір ол қаралып жатыр, — деді министр.

Жақыпованың айтуынша, түпкілікті шешім жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін.

БЫЛТЫРҒЫ АҚПАРАТ

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев былтыр Қазақстан азаматтары заңды түрде Оңтүстік Кореяға барып, үш жыл жұмыс істей алатынын айтқан еді. Ертаевтың айтуынша, Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Кореяда жұмыс істеуге рұқсат беру жүйесі енгізу бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Осы айдан бастап қазақстандықтарды аталған елге жіберуге арналған Сапар орталығын ашу жұмыстары басталған. Орталықтың негізгі міндеті – Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқысы келетін үміткерлерге тілдік курстарды оқыту, корей тілінің тестілеуі, біліктілігін арттыру. Осы Сапар орталығы арқылы Қазақстан азаматтары үш жылға дейін жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары