Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың мәжілісте шешесін туған күнімен құттықтауы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
- Маған сенат спикері ретінде көршілес палатамыздағы депутаттардың айтқанын талқылау онша дұрыс емес, сондықтан пікір білдіруден бас тартайын. Ал егер сенаттағы біреу анасын қатты жақсы көрсе, бәлкім, мүмкін болатын шығар, бірақ әзірге ондай жағдай болған жоқ, – дейді Әшімбаев.
НАЗАРОВ
Еске салайық, күні кеше депутат Ардақ Назаров мәжіліс отырысында депутаттық сауал жолдарының алдында шешесін туған күнімен құттықтаған болатын. Ары қарай премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа депутаттық сауалын жолдап, Қазақстан әскеріне қатысты ұсыныс айтып, бірнеше сұрақ қойды.
Қазнет қолданушылары депутаттың бұл әрекетін түсінбей, қызу талқылады. Олар депутат мәжілісті өзекті мәселе көтеріп, проблемалар туралы айтудың орнына туған күнмен құттықтауға арналған “алаң” ретінде қолданғанына наразы болған.