×
538.2
629.64
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.2
629.64
6.34

Сенат төрағасы қызметтік тағдыры жайлы ашық айтты

Сенат төрағасы қызметтік тағдыры жайлы ашық айтты

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бірпалаталы парламент құрылған жағдайда өзінің болашағына қатысты ойын айтты. Ол бұл туралы сенат кулуарында журналистердің сауалына жауап беру кезінде мәлімдеді. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әшімбаевтың айтуынша, оның өкілеттік мерзімі Мемлекет басшысының шешімімен айқындалады.

Мен Президенттің квотасымен тағайындалғанмын. Қазір біздің басты міндетіміз – Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын заңдарды қабылдау. Оның ішінде Цифрлық кодекс, Құрылыс кодексі, банктер туралы заң бар. Ал болашақ – кейінгі перспектива. Қазір ең маңыздысы – еліміздің дамуына қажет нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау, – деді сенат спикері.

Ол сондай-ақ журналистердің сұрақтарына әрдайым ашық жауап беруге дайын екенін атап өтті.

Бүгін де тоқтап, барлық сұрақтарыңызға жауап беріп отырмын. Бірақ бұл тақырыпқа қатысты айтуға әлі ерте. Кем дегенде екі жыл сенат пен мәжіліс осы құрамда жұмысын жалғастырады. Бізге қазір ағымдағы міндеттерге көңіл бөлу қажет. Келесі жылы бұл мәселелер парламентте де талқыланады. Бұл қалыпты процесс. Кейін ол бүкілхалықтық референдумға шығарылып, түпкілікті шешімді халық қабылдайды, – деді Әшімбаев.

КОНЕКСТ 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында бір палаталы Парламент құруды ұсынған еді. Бұл өзгеріс елдің саяси жүйесін дамытудағы тарихи маңызы зор екенін атап өтті.

– Мен он жыл бойы Сенатқа басшылық еттім. Бұл қызметті әрдайым зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан осы мінберден парламенттік реформа туралы айту мен үшін оңай емес. Дегенмен дәл бүгін елімізде бірпалаталы Парламент құру жөнінде бастама көтергім келеді, – деді Президент.

Серіктес жаңалықтары